Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жантүршігерлік апаттан үш адам көз жұмды

Опубликовано:

Көлік апаты
Көлік апаты. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау – Ақтөбе – Астрахань тас жолында қараша айының соңында жеңіл көлік пен ауыр жүк көлігі соқтығысып, жол апатына ұшыраған, салдарынан үш адам қаза болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Атырау облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған портал хабары бойынша, жол-көлік оқиғасы қарашаның 30-ы сағат 22:45-те Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 424-ші шақырымында болған.

Жол апаты Lada 2114 жеңіл көлігі мен Iveco жүк көлігінің қатысуымен болған.

Салдарынан көліктің 57 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды.

Тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанада құқық қорғау органдарының қызметкері тізгіндеген көлік апатқа ұшырағаны туралы жазған едік.

Ақтөбеде жеңіл автокөлік пен жүк көлігінің соқтығысқан. Оқиға орнында Toyota Estima өртеніп, көлік ішіндегі жүргізуші мен жолаушы көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2048848-atyrau-oblysynda-zantursigerlik-apattan-us-adam-koz-zumdy/

pixel