Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жол апаты салдарынан көлік өртеніп, екі адам қаза тапты

Опубликовано:

Ақтөбедегі жол апаты
Ақтөбедегі жол апаты. Фото: instagram.com/polisia_aqtobe

Ақтөбеде жеңіл автокөлік пен жүк көлігінің соқтығысты. Оқиға орнында Toyota Estima өртеніп, көлік ішіндегі жүргізуші мен жолаушы қаза тапқан, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД Instagram-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, 8 қарашада сағат 17-30-де Ақтөбе-Богословка автожолында "Бауырластар" ТА маңында Toyota Estima автокөлігі "Зил" жүк автокөлігімен соқтығысты.

"Соқтығысудан кейін жеңіл көлік өртеніп кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында Toyota Estima автокөлігінің жұргізушісі мен жолаушысы қаза тапты", - делінген хабарда.

Облыстық ПД бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044809-aqtobede-zol-apaty-saldarynan-kolik-ortenip-eki-adam-qaza-tapty/

pixel