Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында полицейлер жоғалған баланың денесін тапты

Опубликовано:

Бүлдіршін
Бүлдіршін. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында жоғалған 4 жасар баланың денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлады Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасы.

Ведомство ақпараты бойынша, Түркістан қаласының полициясына баланың жоғалғаны туралы хабарлама желтоқсанның 1-і кешкі уақытта келіп түскен. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ойнауға шыққан ұлы қайтып оралмаған.

Жоғалған баланы іздеуге полиция департаментінің барлық күші мен құралы, сондай-ақ Ұлттық ұланның құтқарушылары мен әскери қызметшілері жұмылдырылды. Баланың фотосуреті бар бағдарлар БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды. Баланы іздеуге еріктілер, жергілікті тұрғындар мен жанашыр жандар көмек көрсетті.

Іздеу барысында жақын маңдағы аумақтарды, тұрғын үйлерді аралау жүргізілді. Қараусыз қалған үйлер, арықтар және кішкентай бала баруы мүмкін т.б. орындар тексерілді.

"Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары кезінде желтоқсанның 3-і түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан (септик) табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, ал денеден зорлық-зомбылық пен қандай да өлім белгілері табылмады", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасап жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2048861-turkistan-oblysynda-policeiler-zogalgan-balanyn-denesin-tapty/

pixel