jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Ойнауға шығып оралмаған": Түркістан облысында 4 жасар бала іздестірілуде

Айбар Алдиярұлы
Айбар Алдиярұлы. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 4 жасар баланы іздестіруде. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлайды.

Құзырлы орган мәліметінше, 1 желтоқсанда кешкі уақытта полицияға жергілікті тұрғын жүгініп, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын мәлімдеген.

Ер азаматтың арызы бірден тіркеліп, іздестіру жұмыстарына полицияның жеке құрамы жұмылдырылған. Қазір тәртіп сақшылары жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Жоғалған балақайдың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер суретімен бірге барлық аумаққа жолданған. Еріктілер мен тұрғындар да көмекке келген.

"2019 жылы туған Бақыт Айбар Алдиярұлының бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім болған.

Көрген-білген адамдар болса, шұғыл түрде полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз", - дейді полиция өкілдері.

"Ойнауға шығып оралмаған": Түркістан облысында 4 жасар бала іздестірілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.