Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тұрғын үйдің жылу мәселесі шұғыл шешілді

Опубликовано:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданындағы Тұран-1 шағынауданында 11 көпқабатты тұрғын үйде орын алған мәселе жедел түрде шешімін тапты. Бұл туралы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков мәлімдеді.

Еске салсақ, аталған шағынауданда көпқабатты тұрғын үйде 2023 жылғы 5 желтоқсанда жылумен қамтамасыз ететін ішкі орамдық жылу желілерінде ақау орын алуына байланысты тұрғындар ыстық су мен жылудан уақытша ажыратылған болатын. Орын алған ақауларды жоюда дер кезінде әрекетке көшіп, тиісті жұмыстарға Қаратау ауданының әкімдігі мен "Қуатжылуорталық-3" МКК тарапынан 4 бригада жұмылдырылды.

"Аталған кемшіліктер тиісті мекеме есебінен қалпына келтірілді. Мамандарымыз шұғыл түрде 500 метрлік, диаметрі 133 мм, 108 мм және 76 мм жылу құбырын ауыстырды. Тұрғын үйлер жылу жүйесіне толық қосылды. Қазіргі таңда шағынаудандағы барлық көпқабатты тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су қалыпты жағдайда берілуде", – деп жағдайды түсіндірді Мақсат Қабделұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2049976-symkentte-turgyn-uidin-zylu-maselesi-sugyl-sesildi/

pixel