Қостанайда төтенше жағдай: үйінді астынан екі адам құтқарылып, бір адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚостанайда төтенше оқиға орнында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі адам шығарылды. Тағы бір адамның денесі табылды, оның жеке басы анықталуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасына жасап.
Ведомство мәліметінше, 11 желтоқсанда сағат 12.39-да Қостанай қаласындағы Амангелді тұрғын алабында газдың жарылуы салдарынан бір қабатты тұрғын үйдің қирағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болуы мүмкін.
"Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылып, 12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінді.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында үйінді астынан екі адам шығарылып, тағы бір адамның денесі табылды, оның жеке басы анықталуда. Іздеу жалғасуда", - деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, бүгін Қостанайда газдың жарылуы салдарынан ғимарат опырылып, жеті адам үйінді астында қалғанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2050269-qostanaida-totense-zagdai-uiindi-astynan-eki-adam-qutqaryldy-tagy-bir-adamnyn-denesi-tabyldy/