jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанайда төтенше жағдай: үйінді астынан екі адам құтқарылып, бір адамның денесі табылды

    Қостанайда төтенше жағдай
    Қостанайда төтенше жағдай. Фото: Қостанай ТЖД

    Қостанайда төтенше оқиға орнында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі адам шығарылды. Тағы бір адамның денесі табылды, оның жеке басы анықталуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасына жасап.

    Ведомство мәліметінше, 11 желтоқсанда сағат 12.39-да Қостанай қаласындағы Амангелді тұрғын алабында газдың жарылуы салдарынан бір қабатты тұрғын үйдің қирағаны туралы хабарлама келіп түскен.

    Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болуы мүмкін.

    "Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылып, 12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінді.

    Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында үйінді астынан екі адам шығарылып, тағы бір адамның денесі табылды, оның жеке басы анықталуда. Іздеу жалғасуда", - деп хабарлады ведомстводан.

    Айта кетейік, бүгін Қостанайда газдың жарылуы салдарынан ғимарат опырылып, жеті адам үйінді астында қалғанын хабарлаған едік.

    Қостанайда төтенше жағдай: үйінді астынан екі адам құтқарылып, бір адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram