Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық әйел инъекциядан кейін көз жұмды: дәрігерлер оқиғаның мән-жайын айтты

Опубликовано:

шприц
Шприц. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда қаладағы емханалардың бірінің бөлімшесінде әйел адам инъекциядан кейін қайтыс болды. Дәрігерлер КТК телеарнасына оқиға туралы айтып берді.

Қайғылы оқиға қаладағы №1 емхананың Авангард ықшамауданындағы бөлімшесінде болған. 51 жастағы пациент таңертең дәрігердің нұсқауымен егу кабинетіне келген. Ондағы мейірбикелер нұсқаулықтағы кавинтон дәрісін еккен. Осы кезде ол есінен танып құлаған.

Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, марқұм тіл тартпай кеткен. Емхана басшылары бұл анафилактикалық шок болуы мүмкін дейді. Өйткені, телеарна мәліметінше, инъекция саларда алдын ала сынама жасалмаған.

Марқұм бұрын-соңды қандай да бір аурумен диспансерлік есепте де болмаған. Тек жақында құлағы ауырып, лор маманына қаралып жүрген. Ондағы дәрігер сурдологқа жіберген. Қайғылы оқиға болған күні пациент жеке сурдологқа қаралып, маманның тағайындаған емі бойынша емхананың егу кабинетіне келген.

Бұл жайттан кейін марқұмның туыстары жауапты органдарға арызданған. Қазір денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жоспардан тыс тексеріс бастаған.

"Қандай себеп болғаны, қандай жағдай болғаны сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Нақты диагнозымен, өлімнің себебі сол сараптамадан кейін белгілі болады. Бірақ біз алдын ала деп айтамыз, бұл дәріге анафилактикалық шок деп ойлап отырмыз", - дейді № 1 емханасының өкілі Дина Кемелова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске салайық, бұған дейін Атыраудың 51 жастағы тұрғыны №1 қалалық емханада емшара кабинетінде инъекция алғаннан кейін қайтыс болғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2052027-atyraulyq-aiel-inekciyadan-keiin-koz-zumdy-darigerler-oqiganyn-man-zaiyn-aitty/

pixel