jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Атырауда 51 жастағы әйел инъекция салдырғаннан кейін көз жұмды

шприц ұстаған ер адам
Шприц ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Атыраудың 51 жастағы тұрғыны №1 қалалық емханада емшара кабинетінде инъекция алғаннан кейін қайтыс болды. Бұл оқиғаға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда болған.

Сағат 09:15-те әйелге инъекция салыған, 5 минуттан кейін ол әлсіреп, есінен танып қалған. Дәрігерлер жедел жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен, алайда 09:51-де биологиялық өлім тіркелген.

51 жастағы тұрғын жыл сайын скринингтен өткені атап өтілді. 24 қарашада ол есту қабілетінің нашарлауына шағымданып, емхананың отоларинголог дәрігерінен кеңес сұраған. 13 желтоқсанда пациент жекеменшік клиниканың сурдолог-дәрігеріне жүгінген, ол оған "I деңгейдегі кереңдік". "III деңгейдегі сол жақ кереңдігі" диагнозын қойып, ем-дом жазып берген.

Сол күні әйел процедуралық кабинетке жолдама алу үшін учаскелік дәрігердің қабылдауында болыпты. Қазіргі таңда әйелдің қайтыс болу дерегі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Атырауда 51 жастағы әйел инъекция салдырғаннан кейін көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.