Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы боранда 16 көлік жол апатына ұшырады: бір адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видедан кадр: Мессенджерлер

Ақмола облысындағы "Астана-Петропавл" республикалық тасжолының бойында Ақкөл қаласының іргесінде 16 көлік соқтығысқан жол апаты тіркелді. Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, 16 көлік соқтығысты. Олардың арасында жүк көліктері мен жеңіл көліктер бар. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қарлы боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты облыстағы барлық жолдар көлік қозғалысына жабылды. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, тасжолда қалған көліктер полицейлермен бірге жүріп отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2053357-aqmola-oblysyndagy-boranda-16-kolik-zol-apatyna-usyrady-bir-adam-qaza-tapty-video/

pixel