Павлодар облысындағы кеніште болған апат: тергеу басталды
Жарияланған күні:
Павлодар облыстық полициясы "Майқайың-алтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы ведомствоның Instagram-парақшасында хабарланды.
"Екі немесе одан да көп адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша полиция Қазақстан Республикасы ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген хабарда.
Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов тәжірибелі тергеушілер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын және тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында екенін айтты.
Полицейлер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейтінін ескертті.
Еске салайық, Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Олардың денесі жер бетіне шығарылды.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, автобуста 4 адам болды - Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.
Бүгін Асайын Байханов оқиға орнынан видео жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2054139-pavlodar-oblysyndagy-keniste-qaza-tapqan-qutqarusylardyn-isin-tergeu-bastaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.