Талдықорғанда жұмбақ жағдайда жоғалған 14 жастағы қыз өлі табылды
Жарияланған күні:
Талдықорғанда жұмбақ жағдайда жоғалған 14 жастағы қыз өлі табылды. Ақпаратты Жетісу облыстық Полиция департаменті өкілдері растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарына қарағанда, қызды тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілер мен еріктілердің іздеу топтары іздеген. Олар Талдықорғанда жоғалған адам жерленген жерді Текелі қаласының шетіндегі таулы аймақтан тапқан.
Өңірлік ПД өкілдері Талдықорғанда 14 жастағы қыз жоғалғаны туралы ақпарат 28 желтоқсанда түскенін айтты. Сөйтсек, жасөспірім қараша айының басынан сабаққа қатыспаған екен.
Жедел-іздестіру шараларын бастағаннан кейін полицейлер жоғалған адам қылмыс құрбаны болуы мүмкін деген нұсқаны қарастырған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша ("Адам өлтіру") қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, 14 жастағы қыз жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 2023 жылдың желтоқсан айының аяғында жариялана бастаған. Кейін жасөспірім мектепке ұзақ уақыт бармағаны хабарланды. Жоғалған қыздың анасы алдымен оны басқа оқу орнына ауыстырғанын, содан кейін әжесіне Ресейге кеткенін айтқан.
Алайда ол табылмаған. Кейінірек әйел кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғаны хабарланды. Сондай-ақ мектеп оқушысының өгей әкесі Желіде видеоүндеу жариялады. Ол тергеу барысында заңбұзушылықтар болды деп мәлімдеді, алайда Жетісу облысының ПД өкілдері бұл айыпты жоққа шығарды.
Ведомстводағылар 14 жастағы қыз жоғалып кетті деген күдікпен оның анасы мен өгей әкесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2054475-taldyqorganda-zumbaq-zagdaida-zogalgan-14-zastagy-qyz-oli-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.