Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы хостелде шыққан өрт: ТЖМ қайғылы жағдайдың ықтимал себептерін атады

Жарияланған күні:

Алматыдағы өрт шыққан хостел
Алматыдағы өрт шыққан хостел. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Құлтай

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов министрлер кабинетінде өткен брифингте Алматыдағы хостелде болған өрттің ықтимал себептерін айтты. Сол жолы өрттен 13 адам қаза болған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер министрден "13 адамның өмірін қиған Алматы хостеліндегі өрттің шығу себебі белгілі болды ма?" деп сұрады.

"Жарық құрылғысының қуат беру блогының қызып кетуі және одан әрі балқуы салдарынан қысқа тұйықталу болуы мүмкін.

Ал екінші ықтимал себеп – отты абайсызда пайдалану (аз калориялы өрт көзі), яғни біреу темекі тұқылын немесе сіріңке лақтырған. Негізгі себептер осылар", - деп жауап берді Сырым Шәріпханов.

Алматыдағы хостелдегі өрт

30 қарашада таңғы уақытта Алматы қаласындағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Кейін қалалық полиция департменті қаза тапқан барлық адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Олардың тоғызы – Қазақстан, екеуі – Ресей, екеуі – Өзбекстан азаматы.

Хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ оқиғаға байланысты хостелдегі өрттің себептерін анықтап, зардаптарын жоюмен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды.

1 желтоқсанда Бас прокуратура хостелді жалға беруші ұсталғаны хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2054595-almatydagy-xostelde-syqqan-ort-tzm-qaigyly-zagdaidyn-yqtimal-sebepterin-atady/