Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласындағы хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді

Опубликовано:

Оқиға орны
Алматыдағы өрт шыққан хостел. Фото: NUR.KZ/Ардақ Құлтай

Алматыдағы хостелде шыққан өрт себептерін тексеру үшін министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайтында.

ТЖМ мәліметінше, алдын ала мәліметтер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған.

Өрт орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеуде.

"Алматы қаласы ТЖД өрттің осы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.

Ведомстсво мәліметіне сүйенсек, бұл объект бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Хостелдің ауданы 457 шаршы метрді құрайды.

Айта кетейік, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматы қаласы Ади Шәріпов көшесіндегі жатақханадан өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2 адамның Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеген еді.

Қайғылы оқиға болған жерге Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев пен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048374-almaty-qalasyndagy-xosteldegi-ort-faktisi-boiynsa-qylmystyq-is-tirkeldi/

pixel