jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте жоғалған жасөспірім қыздар Алматы хостелдерінің бірінен табылды

    Шымкентте жоғалған жасөспірім қыздар
    Шымкентте жоғалған жасөспірім қыздар. Фото: instagram.com/police_shymkent

    Шымкентте бейімдеу орталығынан жоғалған қыздарды полиция іздеп тапты. Жасөспірімдер Алматыдан табылды, деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаменті Instagram-да.

    Ведомство мәліметінше, Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі қаңтардың 14-і кешке белгісіз бағытта кетіп қалған.

    Жоғалғандарды іздеуге полиция басқармасының жеке құрамы жұмылған. Тәртіп сақшылары көрші аймақтардағы әріптестеріне қыздардың суретін, сыртқы келбеті мен киімдері сипатталған бағыттамаларды жолдады. "Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер бір тәулік ішінде қыздарды Алматы қаласынан аман-есен тапты. Қазір, олар Алматының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды", - делінген полиция хабарында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.