Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаза тапқандар бар: Жамбыл облысында қалың қардың салдарынан отыздан астам жол апаты болды

Опубликовано:

Қалың қар басқан жол
Жол. Көрнекі фото: instagram.com/kokshetauasia

Кейінгі үш күнде Жамбыл облысында күн бұзылды - ауа райының қолайсыздығынан өңірде ондаған жол-көлік апаты тіркеліп, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.

Облыстық полицейлер үш күн жауған қалың қардан, көктайғақ пен жолдың нашар көрінуі салдарынан Жамбыл облысының тасжолдарында 37 жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам қаза тауып, тағы 12 адам түрлі жарақат алғанын хабарлады.

Басылымның жазуынша, облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин көптеген жүргізуші жол ережесін өрескел бұзып, өзгелерге қауіп төндіретінін айтты.

"Жүргізушілердің полиция қызметкерлерін көрсе де жол ережесін бұзуы мені қайран қалдырды. Олар бұл шаралардың бәрі адам өмірін сақтау үшін жасалып жатқанын түсінбейді", - деді ол.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін сақтауға шақырды - жылдамдықты шектеуге ерекше назар аудару қажет.

Синоптиктер 18 қаңтарда ауа райы нашарлауы мүмкін екенін ескертіп, Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2056222-qaza-tapqandar-bar-zambyl-oblysynda-qalyn-qardyn-saldarynan-otyzdan-astam-zol-apaty-boldy/

pixel