Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боран мен көктайғақ: еліміздің бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Боран
Қарлы боран. Көрнекі фото: NUR.KZ

Синоптиктердің болжамынша, қаңтардың 18-і ауа райы нашарлауы мүмкін – Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында ертең жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік пен батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

Осы түнде Маңғыстау облысының шығысында көктайғақ күтіледі, орталығында тұман болады. Ал батысы мен солтүстігінде тұман көтеріліп, көктайғақ болуы мүмкін.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы әрі тау бөктерлі аудандарында тұман көтеріледі деген болжам бар. Ал тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

18 қаңтарда Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде тұман болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Сондай-ақ 17 қаңтар сағат 21.00-ден 18 қаңтар сағат 21.00-ге дейін Семейде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Осыған байланысты екінші дәрежелі ескерту сақталады.

Өскемен, Риддер қалаларында да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіліп, екінші дәрежелі ескерту сақталады.

Сонымен қатар 17-18 қаңтар аралығында Үлкен мен Кіші Алматы су алабтарында жауын-шашын жаууына әрі қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Метеорологтар көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы беткейлерге шықпауға әрі тауда абай болуға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056086-boran-men-koktaigaq-elimizdin-birqatar-aimagynda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel