Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы зілзала: ҚазҰУ жатақханаларында қабырғада жарық пайда болған

Опубликовано:

Университет
ҚазҰУ ғимараты. Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚазҰУ-дың №6 және №8 жатақханаларында болды деген қираулар мен құрбандар туралы ақпарат фейк екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жалған. Біз дереу ақпараттық хабарлама жібердік, біздің өкілдеріміз бәрін сол жерде тексерді, көз жеткіздік, қабырғаларда аздаған жарықтар пайда болған, бірақ көтергіш қабырғада емес. Біз тиісті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз", - деп түсіндірді ғылым министрлігінің басшысы үкіметте өткен брифингте.

Қазір оның айтуынша, жағдай толығымен бақылауда. Министрлік барлық ректормен байланыста.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе, Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгін таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057013-almatydagy-zilzala-qazuu-zataqxanalarynda-qabyrgada-zaryq-paida-bolgan/

pixel