Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы да жер сілкінді

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы тұрғындары тағы бір жер сілкінісін сезді. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарлады.

ТЖМ "Сейсмология институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 15:07:09-да жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.6.
  • MPV магнитудасы 4.9.
  • Эпицентрдің координаттары 41.14° С. Е. 78.57° ш. б.
  • Тереңдігі 5 км.
  • Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Жер сілкінісінің қайталануынан қорыққан Алматы тұрғындары жаппай көшеге шықты.

Бастапқыда Алматыда түнде болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені белгілі болды. Кейін олардың саны 44-ке жеткені хабарланды.

Бүгінгі таңда Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелген – Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілген. Кейінірек алматылықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезінді.

Сондай-ақ желіде Алматыда зілзала кезінде қаланың биіктен түсірілген видеосы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057081-almatyda-tagy-da-zer-silkindi/

pixel