Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ил-76 апатқа ұшырады: ұшақтағы қара жәшіктер табылды

Опубликовано:

Апатқа ұшыраған ұшақтың жарылған сәті
Ұшақ апаты. Видеодан кадр: t.me/thenewsbelgorod

Белгород облысында апатқа ұшыраған Ил-76 ұшағының қара жәшіктері табылды. Құрылғылар тергеушілерге тапсырылады.

Белгород облысында апат болған жерден ресейлік Ил-76 әскери-көлік ұшағының екі қара жәшігі табылды, құрылғылар зақымданбаған, деп жазады РИА Новости төтенше қызмет өкілдеріне сілтеме жасап.

Ұшу параметрлерін жазатын құрылғы мен дыбыс жазу құрылғысы табылды.

Бұған дейін Белгород маңында тұтқындар мінген Ил-76 ұшағы апатқа ұшырағанын жазған едік.

Кейін ресейлік БАҚ апатқа ұшыраған Ил-76 ұшағының экипажы мен барлық жолаушысы қаза тапқанын, бортта 74 адам, оның ішінде Украина қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 әскери қызметшісі болғанын жазды.

"Қазір апат болған жер қоршауға алынды, барлық жедел қызметтер оқиға орнында жүр, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - делінген басылым хабарында.

Бүгін, 24 қаңтарда басылымның жазуынша, "192-ні 192-ге" тұтқын алмастырылуы керек болған.

Бортында 80 тұтқыны бар екінші ұшақ апатқа ұшыраған Ил-76 ұшағының соңынан келе жатқан, бірақ оны бұрып үлгергені хабарланды.

Кейінірек Ресей Қорғаныс министрлігі, РИА Новости агенттігінің жазуынша, Украина қарулы күштерінің Ил-76 ұшағына зымыранмен жасаған шабуылын теракт деп атады.

"Бүгін сағат 11:15-те Киев режимі лаңкестік әрекет жасады, соның салдарынан Украина әскери қызметшілерін алмастыруға Чкаловский-Белгород аэродромы бағыты бойынша ұшып бара жатқан Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшағы атып түсірілді", - делінген ресейлік ведомствоның мәлімдемесінде.

Ал УНИАН агенттігінің хабарлауынша, Украинаның барлау өкілі бүгін тұтқын алмасу жоспарланғанын растады, бірақ әлі ешқандай процесс жүріп жатқан жоқ. Басылымның жазуынша, қазір Украина Ресей тарапынан айтылған Белгород облысында апатқа ұшыраған Ил-76 ұшағында әскери тұтқындар болуы мүмкін деген ақпаратты тексеріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057491-il-76-apatqa-usyrady-usaqtagy-qara-zasikter-tabyldy/

pixel