Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сейсмологтар Алматы маңында бір түнде тағы бес жер сілкінісін тіркеді

Опубликовано:

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: adventtr/Getty Images

Түнде сезілген жеарасты дүмпуінен кейін қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында болған тағы бес жер сілкінісін тіркеді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Түнгі сағат 03:11-де ғылыми орталықтың сейсмикалық стансалар желісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жердегі 10 шақырым тереңдікте магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісін тіркеген.

Келесі жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 04:38-де және 06:17-де болды.

Жер сілкінісінің әуелгі ошағы Алматыдан 283 шақырым жерде, ал екіншісінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде орналасқан.

Бұған қоса таңертең 07:14-те және 07:55-те магнитудасы 4,5 және 5 болатын тағы екі жер сілкінісі тіркелді. Бұл жерасты дүмпулерінің ошағы да оңтүстік астанадан 300 шақырымдай жерде орналасқан.

Бұлардың ешқайсысы Қазақстанда сезілген жоқ.

Бұған дейін түнгі сағат 02:01-де жер сілкінісі болып, оны Алматы мен Талғар қаласының тұрғындары сезінгенін жазған едік.

Айта кетейік, Алматыда қаңтардың 22-нен 23-не қараған түні жер сілкінді. Ол кезде дүмпу қала тұрғындарына 5 балл болып сезілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057624-seismologtar-almaty-manynda-bir-tunde-tagy-bes-zer-silkinisin-tirkedi/

pixel