Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар тағы бір жер сілкінісін сезді

Жарияланған күні:

Жер сілкінісі болған аумақ
Жер сілкінісі болған аумақ. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыдан 269 км жерде Қытай аумағында тағы бір жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 26 қаңтарда Алматы уақытымен 14 сағат 17 мин 56 сек (2024 жылғы 26 қаңтарда Гринвич бойынша 08 сағат 17 мин 56 сек) жер сілкінісін тіркеді", - делінген хабарда.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 269 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1. Ал MPV магнитудасы - 4.9.

"Эпицентрдің координаттары 41.09° С. Е. 78.49° ш. б. Тереңдігі 5 км. Сезілуі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 2 балл", - делінген ЖШС хабарында.

Алматыдағы жер сілкіністері

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Сол күннен бері Алматыда бірнеше рет жерасты дүмпуі тіркелген болатын. Одан бөлек, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жерасты дүмпуі неліктен қайталанып жатқанын түсіндірді. Кейінірек, 26 қаңтарда маман афтершоктар бір ай бойында жалғасатынын ескерткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2057722-almatylyqtar-tagy-bir-zer-silkinisin-sezdi/