Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы жарылыстан кейін өңірде төтенше жағдай жарияланды

Опубликовано:

Газ баллоны жарылған екі қабатты үй
Газ баллоны жарылған екі қабатты үй. Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

Қарағанды облысы Ботақарадағы газ баллоны жарылысынан кейін жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомство ақпаратынша, Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жөнінде арнайы комиссия құрылады.

"Ең алдымен, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтқымыз келеді. Қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі. Біз залалды бағалаумен айналысатын комиссия құрамыз. Ешкімді проблемасымен жалғыз қалдырмаймыз", – деді аудан әкімі Абылай Сұлтанғали.

Жергілікті атқарушы орган жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

Аудан әкімінің айтуынша, үй ҚазМИРР сарапшыларының қатысуымен тексеріліп жатыр. Тұрғындар әзірге туыстарының үйлеріне орналастырылған, оларды одан әрі қоныстандыру және үйдің тағдыры туралы мәселелер шешілетін болады.

"Үйінділер тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті техниканы уақтылы ұсынды, соның арқасында бес адам құтқарылды. Адамдар үйінділердің астында, плиталардың астында қалып қойған. Крандар мен үш экскаватор тартылды. Қазір ТЖД мен полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Жарылыстың алдын ала себебі – газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі. Газ баллоны суықтан жылы бөлмеге кіргізілген. Болған оқиғаға кім кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайды", – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.

Айта кетейік, Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде 30 қаңтар сағат 00:07-де екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйде екінші қабаттағы пәтерде цилиндрлік газ жарылып, екі адам қаза тапқан болатын.

Кейін құтқарушылар үйінді астынан қаза тапқандардың денесін шығарды. Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058207-qaragandy-oblysynda-gaz-ballony-zarylysynan-qaza-tapqandardyn-otbasyna-komek-korsetiledi/

pixel