Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі қыз алып қашу оқиғасы: адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Күйзеліп отырған әйел
Әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Шымкентте болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еске салсақ, Шымкентте Маңғыстау облысының 22 жастағы тумасы қалыңдық ету мақсатында қыз алып қашқан. Уәкілдің сөзінше, жәбірленуші мен ұрлаушы бір-бірін танымаған.

"Шымкенттегі іс шектен шыққандықты көрсетеді, біз оны бақылауға алдық. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі қызды ұрлау ісі бойынша іске қосылып үлгерді", - деді Артур Ластаев.

Бұған қоса уәкіл қылмыстық заңнамаға бірқатар түзетулер енгізуге, атап айтқанда, жеке бап қосуға және Қылмыстық кодекстің 125-бабына қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін ескертуді алып тастауға қатысты бастама көтергенін атап өтті.

Айта кетейік, Шымкент қаласының прокуратурасы қыз алып қашу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын жазған едік. Қызын белгісіз біреу алып қашғанын құзырлы органға анасы хабарлаған.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1- тармағының негізінде (адам ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының "Г" есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынған еді.

Кейін Ішкі істер министрлігінің өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты.

Ведомство мәліметінше, жастар әлеуметтік желіде танысып, бірнеше ай бойы ғаламтор арқылы сөйлескен. Маңғыстаулық жігіт бойжеткенге үйленбек болған. Бірақ ол қыздың пікірімен санаспаған.

Жігіт Шымкенттегі қыздың диплом алар алдындағы практикасы өтіп жатқан медициналық мекемесіне таңғы уақытта барған. Анықтама бюросына курьер екенін айтып, бойжеткенді шақыруды өтінген. Қыз далаға шыққан бойда оны күштеп көлікке отырғызып алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058960-symkenttegi-qyz-alyp-qasu-oqigasy-adam-quqyqtary-zonindegi-uakil-malimdeme-zasady/

pixel