Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында балықшы көлігімен бірге суға батып кетті (видео)

Опубликовано:

Құтқарушылар суға батып кеткен адамды іздеп жатыр
Оқиға орнындағы құтқарушылар. Фото: instagram.com/112qaragandy_tjd

Кеше түнде Қарағанды облысында балықшылар мінген көлік мұз астына кетті. Көлік ішіндегі адамдардың ішіндегі үш адамның біреуі суға батып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қайғылы жағдай Молодежный ауылынан 10 шақырым жерде, Сәтбаев каналының бойында болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Renault көлігі балық аулау кезінде мұзға құлап кеткен. Сол сәтте оның ішінде үш адам болған, екеуі өз күшімен су бетіне шығып үлгерген.

Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Қазіргі уақытта 1985 жылы туған үшінші адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058982-qaragandy-oblysynda-balyqsy-koligimen-birge-suga-batyp-ketti-video/

pixel