Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейдегі алапат өрт: Роман Скляр төтенше жағдайдың себептерін анықтауды тапсырды

Опубликовано:

Семей қаласындағы жанып жатқан сауда орталығы
Өртенген сауда орталығы. Көрнекі сурет: https://t.me/qr_tjm

Бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда орталығында болған өрттің салдарын жою мәселелері қаралды. Бұл туралы үкіметтің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қабылданған шаралар туралы Абай облысының әкімі, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Ұлттық экономика министрліктерінің басшылары баяндама жасады.

Кеңес барысында 6 ақпандағы сағат 20:55-тегі жағдай бойынша өрт ауыздықталғаны айтылды, өрттің жалпы ауданы 6,9 мың шаршы метр болған – бұл ғимараттың 87,5 пайызына тең. Оқиға орны қоршалып, күндізгі және түнгі патрульдер ұйымдастырылған.

"Абай облысы полиция департаменті және Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері тергеуді бастады.

Роман Скляр өрт себептерін және келтірілген залалдың көлемін анықтауды, сондай-ақ өрттің салдарын жою бойынша қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды", - делінген хабарламада.

Ведомство бұл жағдай үкіметтің назарында екенін атап өтті.

Айта кетейік, Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Засядко көшесі 65 үй мекенжайындағы өрт бойынша хабарлама 6 ақпанға қараған түні түскен. Өртті жоюға жеке құрамнан 349 адам, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Өрт сағат 11.39-да оқшауланғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2059727-semeidegi-alapat-ort-roman-sklyar-totense-zagdaidyn-sebepterin-anyqtaudy-tapsyrdy/