Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамдар қоршаудан секіріп өтіп жатты": көшкіннен аман қалған алматылық қыз оқиғаны баяндады

Опубликовано:

Лай көшкіні жүрген жерде тұратын қыз оқиғаның мән-жайын айтып тұр
Назым Боржұмбаева. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Назым Боржұмбаева - түнде көшкін болған жерден эвакуацияланған жандардың бірі. Ол сайтымыздың тілшісіне болған жайттың мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мені оятып, қатты дыбыс шыққанын айтты. Сыртқа шықсам, барлық көршіміз көшеде жүр екен. Үйлердің біріндегі адамдар сыртқа шыға алмай қалды: көшкін шығаберісті жауып тастады. Адамдар қоршаудан секіріп өтіп жатты, тіпті кішкентай бала да. Арасында жүкті әйел де болған сияқты", - дейді Назым Боржұмбаева.

Сондай-ақ бойжеткен оқиға орнына жедел қызмет дереу жеткенін айтты.

"Кейбір адамдар бірден таксиге отырып кетіп қалды, ал кейбіреулері осында аялдамада тұрды. Басқа үйлерден адамдар келіп көмектесті: көрпе әкеліп берді. Мектепті оқу ісінің меңгерушісі ашты, ол да осы жақта тұрады. Бірақ көп адам мектепке барудан қорқып қалған", - дейді қыз.

Алматыдағы лай көшкіні

Еске салайық, бүгін, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты техногендік апат болған жерге барып, қираған үйлерді аралады.

Төтенше жағдайлар министрлігі лай көшкінінен қаза тапқан барлық төрт адамның денесі табылғанын хабарлады. Құтқарушылар үйінді астынан 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жасөспірімнің денесін тауып, алып шықты. ТЖМ психологтары туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсететіні айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2059894-adamdar-qorsaudan-sekirip-otip-zatty-koskinnen-aman-qalgan-almatylyq-qyz-oqigany-bayandady/

pixel