Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы шалғай ауылды су алып, халық әбігерге түсті (фото, видео)

Опубликовано:

Ауланы су алып жатыр
Су басқан аула.Көрнекі сурет: Мұқыр ауылының тұрғындарынан

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында қар еріп, жаңбыр жауып, салдарынан ауыл көшелерін су басты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, толассыз су кей үйлердің ауласына да кіріп үлгерген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Облыс орталығынан 232 км жерде орналасқан Мұқыр ауылының тұрғындары етікпен су кешіп, балшыққа батуға мәжбүр. Ауыл тұрғындарының айтыуынша, толассыз аққан су ауыл ішіндегі сайға жиналып, онымен қоса су арнасынан асып, көшедегі үйлердің ауласына кіріп жатыр. Ауыл ішінде жаңа салынған жолдарға арық қазылмаған. Салдары осындай жағдайға әкеп соқтырып отыр.

"Суағар мәселесі жолға қойылмай отыр. Көктем келе қар суы еріп, жаңбыр жауса, су кешіп кететініміз жасырын емес. Жыл сайын осы жағдай қайталанады, аулаларды су алып, әбден әбігерге түсеміз. Биыл ауылымзға асфальт төсеп жатыр, бірақ осы суағарды ескеріп жатқан ешкім жоқ. Әзірге судың тоқтайтын түрі жоқ",- дейді ауыл тұрғыны.

Ауланы су алып жатыр
Су басқан аула. Көрнекі сурет: Мұқыр ауылының тұрғындарынан

Ауыл көшелері ми батпаққа айналған. Техника қозғалысы қиындап, көліктер өте алмай жатыр. Ауыл әкімінің айтуынша, ауа райы күрт жылынып, қар ерігендіктен, жағдай осындай болып отыр. Қатты қарқынмен ағып жатқан су құбырлардан өтіп үлгермей жол үстімен ағуда.

"Су жиналған сай бойында 6 су өткізгіш құбыр салынған. Алайда судың ағысы қатты. Үйлер мен қора жайларды аман алып қалу үшін барлық жұмыс ұйымдастырылуда. Оқиға орнында 2 жүк тиегіш, 1 КАМАЗ, трактор жұмылдырылып, 15 қызметкер өз қызметтерін атқарып жатыр. Қазіргі таңда үйлерге су кіру қаупі жоқ",- дейді ауыл әкімі Азамат Жақсиев.

Ал жергілікті халық болса, "жылда қайталанатын жағдайға алдын ала қамданбады" деп билікке наразы.

Әйгерім САЙҚЫН

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2060239-atyrau-oblysyndagy-salgai-auyldy-su-alyp-xalyq-abigerge-tusti-foto-video/

pixel