Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында өлі табылған екі балаға қатысты іс: полиция пікір білдірді

Опубликовано:

Қылмыс орны
Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Полиция Түркістан облысында балалары өлтірілген әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған ба деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Иә, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол ІІМ-нің ерекше бақылауында. Өздеріңіз білетіндей, тергеу барысы туралы ақпаратты жариялауға болмайды. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері болды ма, жоқ па, соған байланысты анықталады.

Айта кетейін, бұл отбасы бойынша олар Қызылорда облысында және кейінірек Түркістан облысында өмір сүрген кезде отбасы мүшелерінен де, көршілерінен де өтініштер түспеген. Бірақ әйелдер өтініш бермеуі мүмкін, сондықтан мұның бәрі тергеу барысында анықталады", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева ОКҚ брифингінде.

Еске салайық, биылғы 7 ақпанда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылған. Артынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов балалардың анасына іздеу жарияланғанын айтты. Көп ұзамай анасы ұсталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ балалар омбудсмені Динара Зәкиева Қызылорда облысының тумасы Түркістанға келіп, пәтер жалдағанын, содан кейін туыстарына балаларды өлтіретінін айтқанын әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2060737-turkistan-oblysynda-oli-tabylgan-eki-balaga-qatysty-is-policiya-pikir-bildirdi/

pixel