Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оттық сатып алып, тұтатқан": Теміртаудағы жарылыстың ықтимал себебі аталды

Опубликовано:

Теміртауда жарылыс болған дүкен
Теміртауда жарылыс болған дүкен. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Теміртау қаласындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сағат 14:00-дегі нақтыланған мәліметтерге сүйенсек, 12:00-де сыйымдылығы 50 литр газ баллоны табылып, үйінді астынан шығарылды. Қоқыстарды тазалау жұмыстары жалғасқан.

ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында барлығы 183 адам мен 40 техника жұмылдырылған.

Ал сағат 15.00-дегі жаңартылған деректерге сәйкес, үйіндінің 90 пайызы тазартылған.

"Бірінші қабат деңгейінде гараж қорабында автокөліктер табылды, оның ішінде олардың бірінде газ жабдығы бар деген болжам бар. Сауалнама нәтижесінде 1993 жылы туған жәбірленуші дүкенге кіріп, оттық сатып алғаны және тексеру мақсатында тұтатқаны анықталды. Осы кезде 2-3 секунд ішінде жарылыс даусы естіліп, құрылыстар қираған", - делінген хабарда.

Осыған байланысты газ-ауа қоспасының (ГАМ) жарылу нұсқасы қарастырылып отыр екен. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бүгін Теміртаудағы дүкенде газ жарылысы болды. Ғимарат өртеніп, опырылған. Сондай-ақ үйінді астынан әйел адам шығарылып, бір адам іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.

Сонымен бірге ТЖМ үйінді астынан әйелдің денесі шығарылғанын мәлімдеді. "Жарылыс салдарынан 2 адам зардап шекті: 1993 жылы туған әйел жарақат алды (дүкенге келуші) ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар 1973 жылы туған әйел қаза тапты (дүкен қызметкері).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061204-saqpaq-satyp-alyp-tutatqan-temirtaudagy-zarylysqa-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel