Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртаудағы газ жарылысы: үйінді астынан әйелдің денесі шығарылды

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: ТЖМ

Теміртауда бүгін таңертең екіқабатты дүкенде газ жарылып, ғимарат қираған еді. Үйінді астынан бір әйелдің денесі шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

"Сағат 09.49-да үйіндінің астынан қаза тапқан әйел шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін тіркеді", - делінген хабарламада.

ТЖМ газ жарылысы салдарынан болған өрт сағат 10:25-те сөндірілгенін мәлім етті.

Айта кетейік, бүгін Теміртаудағы дүкенде газ жарылысы болды. Ғимарат өртке оранып, опырылған. Сондай-ақ үйінді астынан әйел адам шығарылып, бір адам іздестіріліп жатқанын хабарланған еді.

Кейін Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Ахметжанов Ақылбек газ жарылысынан зардап шеккен әйелдің ауруханаға жеткізілгенін, жағдайы ауыр екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061095-temirtauda-dukende-gaz-zaryldy-bir-adam-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel