Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында төрт баланы азаптады деген күдікті ұсталды (видео)

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: instagram.com/baurzhan__alenov

Жамбыл ауданында жас балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өткен.

"Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды", - деп хабарлады өңірдің бас полицейі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында белгісіз ер адам төрт баланы ұрып-соғып, азаптап, оларға пышақ салғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған.

Telegram-дағы арналардың бірінде аталған оқиға Алматы облысының Жамбыл ауданында болғаны айтылады. "Белгісіз ер адам төрт кішкентай баланы байлап, ұрып-соғып, азаптап, пышақтаған. Полицейлер күдіктіні анықтап, оны ұстау шараларын жүргізіп жатыр", - делінген жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061344-almaty-oblysynda-tort-balany-azaptady-degen-kudikti-ustaldy-video/

pixel