Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы барахолкасы маңында қоймадан өрт шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт
Алматы барахолкасы маңындағы қоймадан шыққан өрт: Алматы қалалық ТЖД

Алматы барахолкасы маңында қоймадан өрт шықты. Қалалық ТЖД оқиғаның жай-жапсарын айтты. Бұл туралы ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдай 17 ақпанда түске жақын болған.

"Сағат 10:40-та Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жетісу ауданы Көкмайса-27 ш/а жоғары дәреже бойынша жұмыс істеуде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қойманың төбесі жанған. Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді", - делінген хабарда.

Сағат 11:31-дегі жағдай бойынша, жанып жатқан қоймадан 1 газ баллоны (көлемі 25 л) шығарылған. Өртті сөндіру жарылыс қаупі бар заттардың (газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдары) болуымен күрделене түскен.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 104 адамы және 29 техникасы жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061497-almaty-baraxolkasy-manynda-qoimadan-ort-syqty/

pixel