Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өртсөндірушілер Алматы барахолкасы маңындағы тілсіз жаумен қалай күресіп жатқанын көрсетті

Опубликовано:

Өртсөндірушілер
Өртсөндірушілердің тілсіз жаумен күресі. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ өкілдері Алматыдағы барахолка маңындағы қоймадан шыққан тілсіз жаумен өртсөндірушілер қалай күресіп жатқанын көрсетті. Бұл туралы ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жанып жатқан қоймадан 1 газ баллоны (көлемі 25 л) шығарылған. Өртті сөндіру жарылыс қаупі бар заттардың (газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдары) болуымен күрделене түскен.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 104 адамы және 29 техникасы жұмыс істеуде.

Ал сағат 12-28-де қабылданған шаралардың арқасында өрт оқшауланды. Сағат 14.58-де өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Алматы барахолкасы маңындағы өрт шыққанын және оған жоғары дәрежелі оқиға деп баға берілгені хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061501-ortsondirusiler-almaty-baraxolkasy-manyndagy-tilsiz-zaumen-qalai-kuresip-zatqanyn-korsetti/

pixel