jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада өрт кезінде әйел адам қаза тапты

    ТЖМ қызметкері
    ТЖМ қызметкері. Көрнекі фото: ortcom.kz

    Бүгін Астанада төртінші қабаттағы пәтер өртенді. Құтқарушылар өртті сөндіре алғанымен, пәтерден әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды ТЖМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметіне сәйкес, төтенше жағдай Астанадағы Ақбұлақ шағын ауданында сағат 15:48-те орын алған. Өрттің ауданы шамамен 20 шаршы метрді құрады.

    Белгілі болғандай, төртінші қабаттағы пәтерден өрт шыққан. ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, өрт сағат 16:27-де сөндірілді.

    "Пәтерде әйел адамның денесі табылды", - деді құтқарушылар.

    Оқиға орнында жеке құрамның 13 мүшесі мен үш техника жұмыс істеді. Қазіргі уақыттөрттің шығу себебі анықталуда.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматыда караоке-клубынан өрт шыққанын хабарлаған едік. Ғимараттың төбесі жанып, шатыры опырылып түскен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.