Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезді

Жарияланған күні:

Алматы
Алматы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда тағы жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС таратқан мәлімет бойынша, жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 10:08-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Бұл елде афтершок болған.

Магнитудасы - 5,2.

Ал Алматыда 2 балл болып сезілген.

"Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Жағдай тұрақты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелең салмауға кеңес берді.

Айта кетейік, бүгін, 23 ақпанда Қазақстан бойынша ауқымды сейсмикалық жаттығулар өткізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2062595-almatylyqtarga-tagy-zer-silkinisi-sezildi/