Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы балабақшасында бала аяусыз соққыға жығылған: полиция қылмыстық іс қозғады

Опубликовано:

балабақша
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы балабақшалардың бірінде топ бала бір баланы жабылып ұрып-соққан. Бұл кезде тәрбиеші топта болмаған. Осы факт бойынша Алматы полициясы қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Желіде бірнеше баланың бір баланы жабылып ұрып-соққаны түсірілген видео жарияланды. Видеоның сипаттамасында оқиға 21 ақпанда күндіз болғаны айтылған.

Қалалық білім басқармасы балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиешіге қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылғанын, бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылғанын мәлімдеді.

Алматы қалалық полиция департаменті балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

"Балабақша қызметкерлері мен ата-аналардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың қазіргі жай-күйінен хабардар етті.

"Балабақшада зардап шеккен балаға Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету орталығында барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Баланың жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2062681-almaty-balabaqsasynda-bala-ayausyz-soqqyga-zygylgan-policiya-qylmystyq-is-qozgady/

pixel