Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезінді

Жарияланған күні:

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 23 ақпанда Алматыда екінші қайтара жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, 23 ақпанда 16:33-те жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан, Қытай аумағында - афтершок.

Алматыда 2 балл болып сезілген.

ТЖМ зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін сағат 10:08-де Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2062705-almatylyqtar-tagy-zer-silkinisin-sezindi/