Оралға қарай ұшып шыққан ұшақ жолаушыға бола кері қайтуға мәжбүр болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыдан Оралға бет алған ұшақ жолаушы денсаулығының нашарлауына байланысты шұғыл түрде кері бұрылды. Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әуекомпнаияның Telegram арнасында жарияланған ақпарат бойынша, бүгін Алматыдан Оралға қарай ұшып шыққан ұшақ жолаушылардың бірінің жағдайының нашарлауына байланысты оңтүстік астананың әуежайына оралған.
"Әуе кемесінің командирі дәрігерлерді Алматы әуежайына шақырды", - делінген хабарламада.
Әуекомпания өкілдерінің мәлімдеуінше, ұшақ сағат 15:10-да штаттық режимде қонған. Науқас жолаушы жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табысталған.
Айта кетейік, 26 ақпанда кешкісін Алматы – Шымкент бағытында ұшуы керек болған FlyArystan компаниясының ұшағы ауа райының қолайсыздығынан кері қайтарылды. Рейс 12 сағатқа кейінге қалдырылды.
Flightradar24 сайтының мәліметінше, ұшақ кеше сағат 22:05-те Алматыдан ұшып шыққан. Алайда сағат 23:40-та ұшақ ұшу пунктіне келіп қонған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064126-oralga-qarai-usyp-syqqan-usaq-zolausyga-bola-keri-buryluga-mazbur-boldy/