Шымкент маңында пойыз өтіп бара жатқан теміржол көпірінің бір бөлігі опырылды (видео)
Жарияланған күні:
Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылып түскен. Оқиға кезінде көпірде пойыз жүріп бара жатқан. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиға болған сәтте түсірілген видео тарады. Бейнежазбадан көпір жақтауы опырылған кезде пойыздың жүріп бара жатқанын көруге болады.
"Қазақстан теміржолы" ҰК мәліметіне сүйенсек, бұл жағдай 3 наурызда Арыс-Түлкібас учаскесінің Қызылсай-Манкент аралығында болған. Оқиға кезінде аталған учаскемен пойыз жүріп бара жатқан.
"3 наурызда сағат 16:15-те Қызылсай-Манкент аралығында теміржол көпірінің бір бөлігі автожолға құлаған. Оған жақтауға бекітілген темір баннер себеп болған. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады компанияның баспасөз хатшысы.
Компания өкілдерінің сөзінше, аталған жайт теміржол қозғалысына еш қауіп төндірмеген. Пойыздар тоқтатылмаған.
Көпір бригадасы оқиғадан 20 минут өткенде автожолды тазартқан. Қазіргі таңда көпірдің құлаған жақтауын жөндеу жүргізілуде.
Ескерту! Бейнежазбада бейәдеп сөздер бар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064286-symkent-manynda-poiyz-otip-bara-zatqan-temirzol-kopirinin-zaqtauy-opyryldy-video/