Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады

Опубликовано:

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: Furchin / Getty Images

ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты ақпарат жариялады. Ведомство ақпарынша, Алматыда жер сілкінісінің күші 5 балл болып сезілген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11:22-де (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісін тіркеді.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.

  • жер сілкінісінің энергетикалық класы: 13.2.
  • MPV магнитудасы: 6.1.
  • эпицентрдің координаттары: 42.93° с.е. 76.96° ш.б.
  • тереңдігі: 10 км.
  • Сезілгені туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматыда 5 балл.

Айта кетейік, бүгін, 4 наурызда алматылықтар қатты жер сілкінісін сезгенін хабарлады. Қалада сирена қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064309-tzm-almatyda-zer-silkinisi-5-ball-bolganyn-xabarlady/

pixel