"Жолаушыларды түсіріп жатқан": Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматының Алатау ауданында екі автобус соқтығысты – апат салдарынан алты адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Бекболат пен Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы екі автобус соқтығысқан.
"Алдын ала мәлімет бойынша, №75 автобустың жүргізушісі арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада жолаушыларды мінгізіп, түсіріп жатқан №102 автобуспен соқтығысқан", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті.
Қазір апаттың мән-жайын Алатау ауданының полиция басқармасының мамандары анықтап жатыр.
Айта кетейік, Алматыда 5 наурызда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Оқиға салдарынан автобустың төрт жолаушысы жарақат алып, медициналық көмек алған. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065971-zolausylardy-tusirip-zatqan-almatyda-eki-avtobus-soqtygysyp-alty-adam-zardap-sekti/