Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолаушыларды түсіріп жатқан": Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті

Опубликовано:

Полиция көлігі
Полиция көлігіндегі жарық сигналы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматының Алатау ауданында екі автобус соқтығысты апат салдарынан алты адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Бекболат пен Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы екі автобус соқтығысқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, №75 автобустың жүргізушісі арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада жолаушыларды мінгізіп, түсіріп жатқан №102 автобуспен соқтығысқан", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті.

Қазір апаттың мән-жайын Алатау ауданының полиция басқармасының мамандары анықтап жатыр.

Айта кетейік, Алматыда 5 наурызда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Оқиға салдарынан автобустың төрт жолаушысы жарақат алып, медициналық көмек алған. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065971-zolausylardy-tusirip-zatqan-almatyda-eki-avtobus-soqtygysyp-alty-adam-zardap-sekti/

pixel