jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде екі көлік бетпе-бет соқтығысты: сегіз адам зардап шекті

    Жол-көлік оқиғасынан кадр
    Жол-көлік оқиғасынан кадр: aqtobe_sergek

    Ақтөбе облысында Өлке ауылының маңында жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Оқиға орнында түсірілген видео aqtobe_sergek Instagram-парақшасында жарияланды.

    "Лада Ларгус" пен "Тойота Эстима" минивэндері бетпе-бет соқтығысқан. Зардап шеккендер бар, көз жұмғандар да болуы мүмкін, дейді видео авторы.

    Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері жол апатына қатысты пікір білдірді.

    "13 наурызда Самара-Шымкент тас жолында "Лада Ларгус" және "Тойота Эстима" көліктері соқтығысқан жол-көлік окиғасы болды. Апат салдарынан екі жүргiзушi мен 6 жолаушы түрлi дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

    Ескерту: видеода былапыт сөз айтылады!

    Ақтөбеде екі көлік бетпе-бет соқтығысты: сегіз адам зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.