Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық сот Самат Әбішке қатысты үкімді түсіндірді

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана соты Самат Әбішке шыққан үкімді түсіндіріп, оның шартты түрде 8 жылға сотталғанын мәлімдеді. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сот хабарламасында Самат Әбіштің билікті асыра пайдаланды деп айыпталғаны айтылған.

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жарияланымдарға байланысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билікті асыра пайдаланды деп айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс (ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі) қаралғанын хабарлайды. "Құпия" белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өтті", – делінген хабарламда.

Сот өкілдерінің мәлімдеуінше, прокурор айыпты қолдап, соттан оны 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген.

"Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР ҚК 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы қаулы етілді", – делінген сот хабарламасында.

Сотталушының жас балаларының болуы және оның шын жүректен өкінгені жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылған. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

"Қылмыстық кодекстің 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот Қазақстан Республикасының президентіне арнаулы атағынан және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады", – Астана сотының өкілдері.

Самат Әбіш ісі

Еске салайық, 2022 жылдың 17 қаңтарында Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

2023 жылдың қыркүйегінде Бас прокуратура ведомствоның арнайы прокурорлары ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

2024 жылғы 15 қаңтарда Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2071416-elordalyq-sot-samat-abiske-qatysty-ukimdi-tusindirdi/

pixel