Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сатыбалдының ісі: басты сот отырысының күні белгілі болды

Опубликовано:

Қайрат Сатыбалды
Фото: inbusiness.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс түсті. Басты сот отырысы өтетін күн белгіленді, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс бойынша басты сот отырысы 1 сәуір күні өтеді.

"Оған қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды (жылыстату) деген айып тағылып отыр. Басты сот отырысы 1 сәуірде сағат 10-да өтетін болады", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылғы 13 наурызда ұсталды. Ол қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қамауға алынды.

Сол жылдың 24 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ мен "Көліктік сервис орталығы" АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлады.

2022 жылғы қыркүйек айында сот Сатыбалдыұлын кінәлі деп тауып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу үшін алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жазасын Өскемен қаласының іргесіндегі №22 мекемеде өтеуге жіберілді.

2023 жылғы қазан айында Бас прокуратура Қайрат Сатыбалдыұлының шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін екенін айтқан. Алайда кейін оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартылғаны белгілі болды.

Желтоқсан айында тәртіп сақшылары Қайрат Сатыбалдыұлының 120 миллион доллар көлеміндегі қаражатын қайтаруды қамтамасыз еткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2071812-qairat-satybaldynyn-isi-basty-sot-otyrysynyn-kuni-belgili-boldy/

pixel