Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүмкін емес": Түркістан облысында денесі құдықтан табылған келіншектің туыстары мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Су ағатын құдық
Қыз құлап кеткен құдық. Фото: t.me/qr_tjm

Түркістан облысында 29 жастағы келіншек құдыққа құлап қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Марқұмның туыстары әлеуметтік желіде бұл жайтқа қатысты әлі күнге тергеу жұмыстары жүргізілмей жатқанын айтып наразылығын білдірді, деп жазады Otyrar.kz.

Бұл жағдай 18 наурызда Майтөбе ауылы маңында болған. Келіншекті құтқарушылар ес-түссіз күйде сыртқа шығарғанымен, көп ұзамай жан тәсілім еткені мәлім болды.

Басылымның тілшілерінің жазуынша, туыстары Рима Черныхты біреу өлтірген болуы мүмкін деп топшылайды.

Тереңдігі 40 метрден асатын құдық құбырынан арнайы құралдармен тартып шығарылған келіншекті туыстары өзіне қол жұмсаған дегенге сенбейді. Өйткені қайтыс болған әйелдің басында ісік, денесінде көгерген жерлері болған. Ал бір уыс шашы марқұмның қолыннан табылған. Күйеуі басылымға берген сұқбатында түнде әйелі екеуі сөйлескенде бәрі жақсы болғанын айтқан.

"Ташкентке қалай баратынымызды, қайда қыдыратынымызды талқылағанбыз. Ал ертесіне таныстарымыз маған "Әйелің құдыққа түсіп, қайтыс болды" деп хабарласты. Онда да өзіне қол жұмсаған дейді. Ол мүмкін емес.

Құдықтың ішіне түскен қыз бір қолы жоғары, екінші қолы төмен тұрғанын айтты. Егер өзі құласа екі қолы да жоғарыда болмай ма? Құлап бара жатқан кезде жанталасып айналасын ұстау керек қой. Тырнағының арасында ондай белгілер болмаған", - дейді марқұмның күйеуі Михаил Черных.

Күйеуінің айтуынша, марқұмның үстінде күртесі бар, бірақ аяқ киімсіз болған. Ал ішіндегі киімі жыртылып кеткен.

"Біз оны құдық ішіне әдейі біреу лақтырып жіберген деп ойлаймыз. Себебі әйелім ол жерді білмейді. Өмірінде ол жерге барып көрмеген", - дейді ол.

Қара жамылған отбасы оны біреу қасақана өлтіруі мүмкін деп санайды. Енесі келінінің денесін алып шығуға түскен қыздың өзі онда әрең кіргенін айтып, 29 жастағы келіншек сырт киіммен онда бірден түсіп кетті дегенге күмәнмен қарайтынын жеткізді.

Ол қазірге дейін ешкімнен сұрақ-жауап алынбағанына наразы.

"Мен істің мән жайын білуге полицияға барғанда бір-біріне суицид бойынша туыстары келді деді. Алайда қазірге дейін ешкімнен сұрақ-жауап алмады, экспертиза жүргізіп жатыр ма айтпады.

Ал куәгерді бір күннен соң шығарып жіберген. Сол кісі келінімді сонда апарған. Жағдайды ести сала құдыққа барған кезде әлгі бала сонда жүрді. Мас. Менің келінім өліп жатса, сонда ертіп апарған адам мәз болып тұрды. Мұнда күмән бар.

Ол жігіт келінімді "өлгім келеді" деп секіріп кетті деп айтты бәріне. Бірақ кішкентай ғана құбырға қалай сыйды? Қалай секіреді онда? Бірден секіріп кетуі мүмкін емес. Секірсе де неге қасындағы жігіт ұстап қалуға тырыспады? Бірінші барған анасы ішінен "құтқарыңдар" деген сөзді естіпті", - дейді марқұмның енесі Светлана Черных.

Ал полицейлер істі "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тіркегенін мәлімдеді. Қазір тергеу жұмысы жүріп жатыр.

"Қазіргі уақытта полиция "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тергеу жүргізуде. Нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Рима Черныхтың артында үш баласы қалды. Оның үлкені 9-да, кішісі небәрі 4 жаста.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2078732-mumkin-emes-turkistan-oblysynda-denesi-qudyqtan-tabylgan-kelinsektin-tuystary-malimdeme-zasady/

pixel