Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда болған атыс видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Көлік тұрағындағы атыс
Көлік тұрағындағы атыс. Видеодан скриншот: instagram.com/v_krg/

Теміртауда мекемелердің бірінің алдындағы көлік тұрағында атыс болып, бір адам жараланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының орталық ауруханасына 27 жастағы жергілікті тұрғын оқ жарақатымен жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген Қарағанды ​​облысы ДП баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды.

Оларды ұстау бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте тал түсте оқ атылғанын жазған болатынбыз. Шевченко көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында бұрын таныс адамдар травматикалық қару қолданып төбелескен. Оқиғаға қатысы бар адамның барлығы ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2079008-temirtauda-bolgan-atys-videoga-tusip-qaldy/

pixel