Шымкентте тал түсте оқ атылды
Жарияланған күні:
2 сәуірде Шымкентте атыс болды. Сағат 12:00 шамасында бұрын таныс адамдар арасында жанжал туып, травматикалық қарудан оқ атылған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің өкілдері хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Атыс 2 сәуірде сағат 12:00 шамасында Шевченко көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Полиция департаменті өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, жанжал бұрын таныс адамдар арасында туған. Қазір полицейлер мен тергеушілер оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Шевченко көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында бұрын таныс адамдар травматикалық қару қолданып төбелескен. Оқиғаға қатысы бар адамның барлығы ұсталды. Жәбірленуші ауруханаға жатудан бас тартты", - делінген хабарламада.
Полиция өкілі сотқа дейінгі тергеу басталғанын, ал басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайтынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2077604-symkentte-tal-tuste-oq-atyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.