Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш мыңнан астам тұрғын үй су астында қалды: ТЖМ су басқан өңірлердегі қазіргі жағдайды баяндады

Опубликовано:

Ақтөбе облысындағы су тасқыны
Ақтөбе облысындағы су тасқыны. Видеодан кадр: 24.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жасау, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төтеншеліктердің мәліметінше, мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола облысы Целиноград және Бұланды аудандарының Отаутускен, Бірлік, Журавлевка, Капитоновка ауылдарының маңында Нұра және Бақсұқ өзендерінде, Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаевка ауылының маңындағы Сабырқожа өзенінде, Қостанай облысы Тобыл, Қарасу,Тюнтюгур өзендерінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданның Рузаевка ауылының маңында Шарық өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Су тасқыны Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 171 жеке тұрғын үй және 179 аула аумағы су астында қалуда. 1 451 үй мен 1 319 аула аумағынан еріген қар суы сорылды. 46 755 адам, оның ішінде 14 589 бала құтқарылды және эвакуацияланды, 60 мың ауыл шаруашылығы жануары айдалды. Бұл ретте әуе кемелерімен 2 602 адам, оның ішінде 759 бала эвакуацияланды. Уақытша орналасу пункттерінде 12 541 адам, оның ішінде 6 439 бала бар. 7 млн. м3 (өткен тәулікте 344 мың. м3) еріген қар суы сорылды, 900 мың қап (өткен тәулікте 52 мың) және 969 мың тонна инертті материал (өткен тәулікте 20 мың тонна) төселді. "Жедел желі" телефонына 902 қоңырау түсті.

Су шайған 86 автожол, оның ішінде 4 көпір және 82 жол төсемі, су жүрген 114 автожол бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 70 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Ақтөбе облысында Қарғала өзенінде деңгейдің көтерілуіне байланысты Ақтөбе қаласы Алматы ауданының бау-бақша ұжымдарынан 106 адам, оның ішінде 33 бала эвакуацияланды. Сондай-ақ, Хромтау ауданындағы еріген сулардың ағуына, Магаджан бөгетінің толып кетуіне және проранына байланысты Алға ауданының Бесқоспа және Қызылту ауылдарының су басуы мүмкін аймағында 200 адам, оның ішінде 80 бала Бестамақи ауылының эвакуациялау пункттеріне және туыстарына эвакуацияланды. Су деңгейі төмендеді.

Атырау облысында Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданының Құлсары қаласында Жадырасын шағын аудан, Әуежай, Вахталық, №2,3,5 су астында қалды. Алдын ала 2500 жеке тұрғын үй мен 5 әлеуметтік нысанды су басу орын алды, 13 915 адам, оның ішінде 4 724 бала эвакуациялау пункттеріне эвакуацияланды, электрмен жабдықтау өшірілді.

Қостанай облысында қардың қарқынды еруіне және елді мекендерді су басу қаупіне байланысты Қарасу ауданының Қарасу, Қарамырза, Шығыс ауылдарында, Қарабалық ауданының Святославка ауылында, Амангелді ауданының Қосжан ауылында, Алакөл қыстауында, Әулиекөл ауданының Көктал ауылында, Қостанай ауданының Тобыл қаласы Алтынсарино ауылында, Б.Майлин атындағы ауданның Николаевка ауылында, Қостанай қаласы "Садовод", "Дорожник", "Мичуринец" бақша қоғамдарында 534 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 193 бала және ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 8,6 мыңнан астам адам, 1,7 мың техника, 411 су айдау құралы және 65 жүзу құралы, 10 әуе кемесі жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2079968-us-mynnan-astam-turgyn-ui-su-astynda-qaldy-tzm-su-basqan-onirlerde-qandai-zumystar-zurgizilip-zatqanyn-aitty/

pixel